Тәжікстанда қуаты 5 балл жер сілкінісі болды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Душанбенің сейсмикалық станциясының ақпараттарына сүйенсек, жер сілкінісінің кіндігі Душанбенің оңтүстік-шығыс бөлігінде 280-шақырымда, Ауғанстан аумағында болған. Ауғанстандағы сілкініс ошағындағы дүмпу күші Рихтер шкаласы бойынша 6 балл болған.

Тәжікстанның астанасында күші 4 - 4,5 балл, Хоргоста 4 - 5 баллдық жер асты дүмпулері тіркелген.

"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ",- деп хабарлады азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі жедел кезекші штабы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті