CA-News хабарламасына сүйенсек, төбелес "Бахори Аджам" сауда орталығының маңындағы ойын автоматтарының залында бір қытай мен жергілікті тұрғын арасында туындаған. Ойын автоматтарына келген басқа да адамдар соңғысын қорғап шыққан. Кейінірек, жүк көлігімен басқа да қытай жұмысшылары келіп, ойын автоматтарын таспен атқылап кеткен. Нәтижесінде ойын залы мен жақын маңдағы дүкендердің терезелері сынған. Тез келіп жеткен ОМОН тобы топты қуып таратқан.