Тәжікстанда толассыз жауын салдарынан сел жүріп, бес адам көз жұмды

Олардың арасында үш бала да бар, деп хабарлайды Тәжікстан ТЖ комитеті.

Осылайша, сәуір айында болған сел құрбандарының саны 23-ке жетті.

Қазір арнайы комиссия табиғат апатынан келтірілген шығынды есептеп жатыр. Нөпір ағыс тұрғын үйлерді, егіс алқаптары мен жолдарды қиратып кеткен.

Ал, метеорологтардың болжамынша, нөсер жауын алдағы күндері де толастар емес.