Тәжікстандағы кеден бекетінде АҚШ азаматынан ХVIII ғасырда шығарылған пистолет-мушкет тәркіленді

Хабарламада аталып көрсетілгендей, америкалық пистолет-мушкетті Тәжікстаннан Ауғанстанға алып өтпек болған. Алайда, ола "Төменгі Пяндж" бақылау-өткізу пунктінде қамауға алынған.

Тәжікстанның кеден қызметінің ақпаратына сүйенсек, Тәжікстаннан көне мұраны алып шығуға рұқсат беретін тиісті құжаттар АҚШ азаматында болмаған.

"Пистолет-мушкет тәркіленді. Ал Ли Порт мырзаға кеден ережелерін бұзғаны үшін 350 сомони айыппұл салынды", - деп атап көрсетті ведомство өкілдері.

$1 = 3,4298 сомони.