Оның мәліметтеріне сүйенер болсақ, қазіргі уақытта Бүкіләлемдік банк жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үстінде. Оны аяқтағаннан кейін нысан құрылысын аяқтау жөніндегі халықаралық консорциум құру құру мәселесі талқыланатын болады.
Жобалық қуаты 3,6 мың МВт болып отырған Рогун су электр станциясы Душанбе қаласынан шығыс бағытқа қарай 110 шақырым жерде орналасқан. Әрқайсысының қуаты 600 МВт болатын алты агрегатының барлығы жұмыс істеген кезде станцияның жылдық өнімі 13,1 млрд кВт-сағатты құрамақ. Жобалық сметалық құжаттамасына сәйкес, бөген биіктігі 335 метрге жетеді.