Шахристан асуының астымен тартылып жатқан туннель Душанбе - Худжанд тас жолының 180 шақырымында орналасқан, бес шақырымдық туннель Қытай үкіметі қаржыландыратын Душанбе - Худжанд - Чанак автожолын сауықтыру жобасының аясында салынады. Нысанның бас мердігері Қытайдың Chine Road компаниясы.
Шахристан туннелі пайдалануға берілген соң ел астанасынан Худжанд қаласына дейінгі жол 6 сағатқа қысқармақ. Автожол салынып біткен жағдайда тәулігіне 11,5 мың автокөлік, соның ішінде 4,5 мың жүк, 7 мың жеңіл көлікті өткізе алады.
Душанбе - Чанак жолын сауықтыру жобасының үшінші учаскесінің басқарушысы Нарзулло Алиматовтың айтуынша, 2006 жылдың желтоқсан айынан бері 1 мың 689 метр автотранспорттық туннель мен 1 мың 803 метр вентиляциялық туннель тартылды.