"Соңғы бір жылда Тәжікстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 308 бабы (тыңшылық) бойынша үш Өзбекстан азаматына үкім шығарылған", - деді Н. Абдуллоев
Сонымен бірге, оның айтуынша, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің 53 оқиғасы тіркелген. Ол Қытай, Ауғанстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары тарапынан болған. Ол сондай-ақ, 2007 жылы Жоғарғы сот өмір-бақи түрмеде отыру жазасын 8 адамға кескенін хабарлалы.
Н. Абдуллоев 8 сәуір күні M&P компаниясының бас директоры Маруфа Орифоваға Тәжікстанның Жоғарғы соты шығарған үкімге түсінік беруден бас тартты. Ол мүлкі тәркіленіп, 8,5 жылға бас бостандығынан айрылған еді. Жоғарғы сот төрағасы үкімнің әлі күшіне енбегенін ескертті. "Оның үстіне Орифованың қорғаушылары Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді. Сондықтан менің әлдекімдердің сөзіне түсінік беруге құқым жоқ", - деді Н. Абдуллаев.