Тәжікстанның арнайы өкілдері Таулы Бадахшанда Ауғанстанның есірткі контрабандистері жаудырған оғы астында қалды

"Ауған контрабандистері түнде резинке қайықтары арқылы тәжікстанның жағасына келіп, торуылдың барын сезіп оқ жаудырды. Тәжікстанның күш құрылымдарының өкілдері оқ атқаннан кейін, олар түнді пайдаланып іздерін суытты", -деп хабарлайды ЕБА.

Оқиға болған жерді тексеру кезінде екі резинке қайық және қапқа салынған 12 келі героин табылды."Атыс салдарынан шегарашылар мен есірткіге бақылау жасау агенттігінің қызметкерлері зардап шеккен жоқ", - деп атап өтті ЕБА.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып Тәжікстанның арнайы қызмет өкілдеріне шабуыл жасаған топ анықталуда.