Тәжікстанның арнаулы қызметтері “Арна-2006“ шарасының бірінші кезеңінде 243 килограмм есірткі тәркіледі

Естеріңізге сала кетсек, бұл шара Ұжымдық қауіпсіздік келісім- шарты ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының шешімімен ұйымға мүше-елдер - Ресей, Беларусь, Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан аумағында жыл сайын өткізіледі.

Шараға бақылаушы ретінде Әзербайжан, Иран, Қытай, Монғолия, Пәкістан, АҚШ, Өзбекстан және Украина өкілдері қатысты. “Арна-2006“ шарасының екінші кезеңі ағымдағы жылдың күзіне белгіленген.