Тәжікстанның Худжанд қаласының әуежайында 5,5 килограмм героин тәркіленді

Тәжікстан үкіметінің жанындағы Согди облыстық кеден қызметі басқармасының хабарлауынша, 5 килограмм 369 грамм героин Худжанд-Мәскеу бағытында ұшпақ болған 21 және 19 жастағы ағалы-қарындасты жергілікті тұрғындар жұбына тиесілі сөмкеден шыққан.

Екі жолаушы да рейстен қалдырылып, ұсталды, қазір алдын-ала тергу жүргізіліп жатыр.