Тәжікстанның құқық қорғау органдары Ауғанстанға прекурсорларды кім жеткізетінін білмейді

"Әлемде героинді номер бірінші шығарушысы болып саналатын Ауған елімен көршілес жатқан мемлекеттер олардың аумағында прекурсорлар шығарылатын деректер тіркелмеде деп бір ауыздан мәлімдеуде", -деді В. Азаматов.

Оның сөздері бойынша, Тәжікстанда бұл заттардың өндірісі, оны елге кіргізуі немесе сыртқа шығарылуының бірде бір дерегі тіркелмеген. "Ауғанстанға прекурсорларды кімдер жеткізетіні біздерге жұмбақ болды ", -деп атап өтті есірткіге қарсы агенттігі бастығының орынбасары.

Агенттіктің мәліметтері бойынша Тәжікстан, Қазақстан және Ауғанстанның арнайы қызметтерімен жүргізілген операциялары кезінде биылғы жылдың бірінші тоқсанында есірткі заттары мен қару жарақтан басқа Ауғанстанда 135 келі прекурсор тәркіленді.

"Ауғанстандағы прекурсорлар тасымалын бақылауға Ауған елімен шегарас жатқан мемлекеттердің бірлескен арнайы TARCET операциясы көмегін тигізуде. Бұдан бұрын ол "Транзиттік тасымалдаулар"" операциясы деп аталатын.

"Жуырда Германияның криминалдық полициясының Федералды ведомствосының вице-президенті Бернхард Фальк бастаған неміс полициясының қызметкерлері тәжік- ауған мемлекеттік шерасының Пәнжі бағытында операцияның өткізілуін бақылап, құқық қорғау органдарының қызметіне жақсы баға берді ", - деп хабарлады В. Азаматов.

Тәжікстанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында 1,7 тонна есірткі тәркіленіп оның 418 келісі героин болып шықты.