"2 маусым күні жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Бободжонгафур ауданының орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Абдурозик Каххоровтың үйін тінту кезінде бір автомобиль дөңгелегі табылды. Оның ішінен ақ түсті ерекше иісі бар ұнтақ заты бар 14 түйіншек табылды", - деп атап көрсетті ақпарат көзінің хабарламасында.
Зертханалық зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, анықталған зат салмағы 13 кг 628 граммды құрайтын героин болып шықты.
Аталмыш оқиға бойынша Тәжікстан Республикасының ҚК 200 бабы (сату мақсатында есірткі заттарын заңсыз тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды.