"Тәжікстанның солтүстігінде соңғы бес жылда айналымнан тәркіленген ең ірі көлемдегі героин болып саналады ", - деп хабарлады ТР президенті жанындағы Согди облысының есірткіні қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының бастығы Файзулло Абдуллоев.
Оның сөздері бойынша Согди облысының Горно-Матчинск ауданындағы Пашкиф елді мекенінде жүргізілген шұғыл іздестіру жұмыстары кезінде сақтауға қойылған есірткі табылды. Сарапшылар растағанындай, табылған есірткі заты қатты әсер беретін героин заты болып шықты ".
"Біздің шұғыл мәліметтеріміз бойынша, есірткі Согдке Рашт ауданы арқылы жеткізілген және қылмыскерлер оны елден сыртқа жөнелтпекші болған ", - деп атап өтті Ф. Абдуллоев.
Бұған қатысты Тәжікстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 200 бабының 4 тармағы (прекурсорлық немесе психотроптық заттарды сату мақсатында пайдалану, есірткі заттардың заңсыз айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу тобы табылған есірткі затының иелерін анықтап құрықтау жұмыстарын жүргізуде.