Тәжікстанның жаңадан сайланған президентін ұлықтау рәсімі 18 қарашада өтеді

"Тәжікстан Республикасы Конституциясының 67 бабына сәйкес, президент қызметіне кіріспес бұрын маджлиси милли (жоғарғы палата) және маджлиси намояндагон маджлиси оли (парламенттің төменгі палатасы) депутаттары алдында ант қабылдайды",- деді жоғарғы палата төрағасының ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі көмекшісі Шакат Саидов. Оның айтуынша, жоғарғы палата спикері Махмадсаид Убайдуллоев 3 қарашада парламент палаталарының бірлескен отырысының төртінші шақырылымы туралы қаулыға қол қойғанын мәлімдеді. Ол Душанбеде 18 қараша күні өтеді.

Осыған дейін хабарланғандай, қазіргі мемлекет басшысы , Тәжікстанның Халық демократиялық партиясынан түскен үміткер Эмомали Рахмонов өткен сайлауда 79,3% пайыз дауыс жинап , келесі жеті жылдық мерзімге президент болып сайланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті