Тәжірибе аясында көптеген оқушылар ағылшын тілінде білім алатын болды

"Биыл 1 қыркүйектен бастап, 500-ден астам сынып тәжірибе аясында, ата-аналардың жазбаша рұқсатымен ағылшын тілінде білім алатын болады. Біз үшін бұл тәжірибенің маңызы аса зор. Жыл бойы балаларды, мектеп мұғалімдерін бақылап, қорытындысы бойынша келесі жылы оқытушылар және ата-аналар қауымымен ақылдасатын боламыз. Үш тілде білім беру үшін тұжырымды кесте қабылдамақпыз", — деді Сағадиев үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінгі нәтижелер зор үміт күттіреді: балалар қорықпайды, ата-аналар қолдап отыр, ал мұғалімдер жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Биыл, министрдің сөзіне сүйенсек, мұғалімдерді де жаппай оқыту басталмақ.