Басшылардың сөздеріне қарағанда, соңғы екі аптаның ішінде компания қызметкерлері газ тарату жүйесінде қолдан түрлі зақым жасалып, газ қысымы төмендетілді. Ал бұл өрт, тосын оқиғаға ұрындырып, адам өліміне жетелеуі мүмкін. Соңғы ірікті сәрсенбіде түнде орын алып, оның соңында халқы көп қоныстанған Тбилисидің -Глдани ауданы газсыз қалдырылды.
Компания бас директорының орынбасары Санжар Рахметжанов мәлімдегеніндей, Тбилиси аудандарына газдың жеткізілмеуі, компания тарапынан жасалған жөндеу жұмыстарымен байланысты емес.
"Қалада екі апта бойы іріткі салынуда. Бұл компанияның кейбір қызметкерлері, жауапты адамдары тарапынан және белгісіз адамдармен газ тарату жүйесіндегі қондырғылары өшіріліп, біздің газ жүйемізге заңсыз қосылу әрекеттерін жүзеге асыру үшін жасалуда", - деп мәлімдеді С. Рахметжанов.
Компанияның техникалық директоры Элли Сулейманов атап өткеніндей, ГТЖ қол сұғушылық әрекеттер тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді.
"Газды қосу немесе оны тоқтатылуы, техникалық аса күрделі шаралармен байланысты. Оларды орындамаған жағдайда, өрт, жарылыс, ең бастысы адам шығынына ұшырауымыз ықтимал", - деді Э. Сулейманов.
Компанияның құқықтың мәселелері бойынша басқарушысы Санжар Шихатаев журналистерге берген сұхбаты кезінде, мұндай ірікті салушылықтың түбінде Грузия нарығында компанияның атына кір келтіру мақсатының жоқ еместігін атап өтті.
"Менің пікірімше, бұның бәрі жағдайды ушықтырып, қазақ инвесторлараның абыройын төгу үшін жасалып отыр. Бәлкім, кейбіреулер Қазақстан инвесторына бұл жобаны тиімсіз деп танытып, нарықтан кетуін көздеуі де мүмкін ", - деді С. Шихатаев.
Тбилиси мэрі Гиги Угулава, ГТЖ туындаған әрекеттерді жалпы елдегі жағдайды ушықтыру үшін қолдан жасалып отыр, деп мәлімдеді. Мэрдің сөздері бойынша, ГТЖ тіркелген барлық оқиғаларға байланысты полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде.
"Бұл оқиғаларда, ірікті салуды дәлелдейтін тұстары бар. Оның мақсаты- тұрақсыздық пен қанағатсыздықты тудыру. Іріткі салуға қатысқан барлық адамдар жауапқа тартылады", - деп мәлімдеді Г. Угулава.
Ал Грузияның энергетика министрі Александр Хетагури атап өткеніндей, бұл тосын оқиғаларға қарамастан, Тбилиси газбен толық қамтамасыз етіледі.
"ҚазТрансГаз-Тбилиси" компаниясы "ҚазМунайГаз "АҚ мемлекеттік еншілес компаниясы. 2006 жылдың мамыр айында "ҚазТрансГаз" компаниясы $12,5 млн қаржыға "Тбилгаз" АҚ сатып алды. 2011 жылға дейін "ҚазТрансГаз" компанияның дамуына $82 млн аса инвестиция құятын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті