Қазір жиын кеңейтілген құрамда өткізілуде. Бұған дейін үкімет басшылары жеке дидарласқан.
Отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Молдавия, Ресей, Тәжікстан және Украина үкімет басшылары қатысуда. Қырғызстан атынан вице-премьер міндетін атқарушы, Өзбекстаннан үкімет басшысының орынбасары, Түрікменстаннан республиканың Достастық аясындағы жарғылық және басқа да органдардағы толық құқылы тұрақты уәкілі қатысып отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, отырыс барысында 30-ға жуық құжат қаралады. 20 құжат жобасы талқылаусыз қабылданады деп күтілуде.