"Грузия үкіметі Қазақстанмен жан-жақты қатынастарды дамытуға үлкен маңыз беріп отыр. Бүкіл аймақтың дамуына жаңа серпін беретін "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" трансконтиненталдық дәліз жобасының маңыздылығы өте жоғары. Грузияның теңіз порттары арқылы қазақстанның ауыл шаруашылық тауарларының экспорттық арналарының кеңеюін тек құптауға болады", - делінген құжатта.
Грузия үкіметі басшысының пікірінше, Қазақстан Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті еуро-атлантикалық құрылымдармен сындарлы қатынастарды орнату арқылы шешетін болады.