Тбилисидегі бейберекетсіздікте екі адам мерт болып, 40-қа жуығы ауыр жараланды


Президент Михаил Саакашвилидің отставкаға кетуін талап еткен оппозиция жақтастары Тбилисиде апта басынан бері шерулетіп жатыр. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңындақала көшелерін ереуілшілерден тазартпақ болған полиция кеше Парламент алдында олармен қақтығысып қалған. Жапа шеккендердің арасында журналистер де бар. Билік:«Оппозицияның қолтығына су бүркіп, айдап салып жатқан – Ресей» -деп ашық мәлімдеді. Айта кетейік, шерудің басы-қасында жүрген қазіргі оппозиция жетекшісі Нино Бурджанадзе-кезінде Саакашвилимен қосылып, Шеварнадзені тақтан тайдырғандардың бірі.