Театр өнері қайраткерлерінің республикалық практикумы 12-ші рет өтеді

мен жасөспірімдер театрында Шетелдік мамандардың қатысуымен Театр өнері қайраткерлерінің ХІІ республикалық практикумын өткізеді, деп хабарлайды аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.

Практикум «Қазіргі заман театрларындағы дәстүрлер мен жаңашылдық» және «Театр сыны мен оның заманауи театр үрдісіндегі алатын орны» тақырыптарына арналады.

Практикум жұмысына Ресей Федерациясы мен Польша мемлекеттерінің еңбек сіңірген өнер қайраткері, мәдениет пен өнер саласындағы Мәскеу сыйлығының лауреаты, Мәскеу журналистер одағы сыйлығының иегері, «Театральная жизнь» журналының бас редакторы Олег Иванович Пивоваров және театртанушы, режиссер, өнер кандидаты Александр Смольяков қатысады. Сонымен қатар практикумға Қазақстан театрларының бас режиссерлері, директорлары мен көркемдік жетекшілері, сондай-ақ Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері шақырылды.

Баспасөз конференция 28 наурыз күні сағат 10.30-да, ал практикумның ресми ашылуы 11.00-де өтеді.

Практикум аясында Д.Исабековтың «Жаужүрек» (реж. Е.Обаев), Т.Теменовтың «Карменсита» және Ш.Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» (реж. Т.Теменов) спектакльдерінің көрсетілімі жоспарланған.