Тегеранның ядролық қару жасап жатқандығы әшкереленген жағдайда АҚШ Иранға қатысты санкцияларды қайта қолға алады

"Біз олардың не істеп жатқандығын анық бақылауға мүмкіндік бермейтін мәмілелерді қабылдамаймыз. Ондай қару жасап жатқандығын біліп қойсақ, оларға тағы да қысым жасалады", деді ол Си-Би-Эс телеканалына берген сұхбатында.

Женевада қараша айында "алтылық" пен Иран ядролық бағдарламаның кейбір құрамдастарын тоқтату есесіне Тегеранға қатысты санкциялардың бір бөлігін алып тастау туралы келісімге қол қойған болатын.