Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Тәжіктердің көрмесі жайлы неге үнсіз отырсыз, не айтасыз?
Не айтайын?
Құлқыны тоймайтындар тек билікте емес, қарапайым халықтың да арасында бар екенін көрдіңіздер ме?
“Жемқорлар” тек билікте отырған жоқ, өзіміздің арамызда да отыр. Осындай дым көрмеген, құлқындары тоймайтындардың арқасында еліміз дамымай жатыр.
Басқа не айтуға болады?
Не айтқанымды күтіп отырсыңдар?
Тегін тамақ таратса, жауларымызға бүгін есік ашып беретіндер халықтың арасында да толып жүргенін көрдіңдер, осыдан сабақ алыңдар!
Біздің халықты көшеге шығарып, алаңға жинау оңай екенін сырттан бақылаушыларға көрсетіп бердіңдер!
Сол әкеткен бір қарбыз қанша күнге азық болады?
Егер сол азықтың бәрі уланған болса ше?
Қырылып қалар едіңдер!
“Үкіметке айт зарыңды, бәрімізді аш қылып қойған”, деп сөгерсіңдер!
Олай көршілер әкелген асты, таласып тармасып жеп масқара болғанша, қара су ішіп жатқандарың жақсы еді ғой!
Әркім өз -өзін тәрбиелеу керек!
Қоғам- әрбірімізден құралады, мәдениетті қалыптастыратын әрқайсымыз", - деп жазды Айгүл Орынбек.