Текеліде баласы өз әкесін ұрып-соғып өлтірді

Ол 10 минуттан кейін есін жимастан көз жұмды.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, аталған мекенжай бойынша оқиға орнына шыққан тергеу-жедел тобы түрлі бөлмелерде көптеген қанды дақтарды анықтады.

Жедел-іздеу шараларының барысында полиция қызметкерлерінің назарына бұған дейін ұрлық үшін бірнеше рет істі болған жәбірленушінің 24 жастағы баласы ілікті. Сұрау барысында күдікті туған әкесін айуандықпен соққыға жыққанын мойындады. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, қылмыс ішімдік ішу барысында орын алған. Жас жігіт егде жастағы әкесін бірнеше сағат бойы соққылаған. Келесі күні қонаққа келген туыстары жедел жәрдем қызметін шақыртты.

Қазіргі кезде қылмыс фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 103-бабы, 3-бөлімімен (адам өліміне алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қарастырылған қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған азамат Текелі ҚІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.