Техникалық колледж түлектерінің білімін тәуелсіз орталықтардың мамандары бағалайтын болады

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Кәсіптік-техникалық және орташадан кейінгі білімді жетілдіру департаментінің директоры Сабыржан Мәдеев хабарлады.

«Қазір біздің алдымызда кен-металлургия, құрылыс, мұнай-химия сынды тағы да басқа спецификалық колледждерді бітірген түлектердің білімін бағалау қызметін тиісті салаларға беру міндеті тұр», - деді ол жұмадағы брифингте.

Департамент директорының айтуынша, колледж түлектерінің білімін салалық мамандар бағалайды.


«Жақын арада салалық қауымдастықтар жанында тәуелсіз бағалау орталықтары ашылады», - деді С.Мәдеев.

Ал, педагогикалық және гуманитарлық сала бойынша маман даярлайтын колледждер түлектерінің білімін бұрынғыша Республикалық ғылыми-әдістеме орталығы бағаламақ.