«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ инновациялық жобаларды қаржыландыру жүйесін қайта қарады

«Біз инновациялық жобаларды қаржыландыруды жаңғырттық. Өздеріңіз білетін белгілі бір проблемалар болған еді. Біз ұзақ уақыт бойы себептерін сараптадық, қазіргі уақытта инновациялық жобаларды қаржыландыру жүйесін қайта қарадық деп айтуға болады ағымдағы жылы біз үш инновациялық жобаны қаржыландырдық», - деді ол.

А.Құлсейітовтің атап өтуінше, олардың қатарында мұнай химиясымен, қазақстандық киноиндустрияға пайдалану үшін арнайы эффектілер (спецэффект) өндірумен және астықты терең өңдеумен байланысты жобалар бар.