"Тексердік, мойындамай отыр": Әскерде cексуалдық зорлық көрген тағы бір сарбаздың анасы билікке жанайқайын айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол "Жас алаш" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

"Сексуалдық сипатта көрсеткені туралы айтар болсам, оны мен баламнан естідім. Балам осындай нәрсе істе дегендіктен, балам өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Шалбарын жартылай шешіп, мойнынан желкелеп тұрып істетпек болған.

Оны әскери полиция жоққа шығарып отыр. Тексердік, мойындамай отыр деді. Енді әрине, сотталмау үшін адам мойындамайды ғой. Бірақ ұрып-соққанын мойындап отыр", - деді ол.