Тексеру қорытындысы бойынша Наурыз банктің жеке капиталы 15 млн. доллар көлемінде кері мәнге ие болып шықты

Несиелік қоржын, дебиторлық берешек пен шартты міндеттемелер бойынша жинақталған провизияның жалпы көлемі 4,068 млрд. (шамамен 30 млн. доллар), соның ішінде несиелер бойынша - 3,199 млрд., дебиторлық берешек бойынша - 559 млн., шартты міндеттемелер бойынша - 310 млн. теңге болды.

Сонымен бірге Наурыз банк салық мекемелері тарапынан 1 млрд. теңгенің алашағына қатысты мәселе бойынша сот арқылы дауласуда. Бұл қаржыны ревизорлар провизия қалыптастырылуы тиіс берешектер категориясына қосқан жоқ.