Телеаранға келген қызтеке жігіттердің боянуында сөкет ештеңе жоқ дейді

Қызтеке жігіт өзінің сәнқойлығын қалыпты жағдайға жатқызатынын айтты. Оның ойынша бет күтімін жасауды жынысына қарай бөлу шарт емес. Бұл туралы «Еуразия бірінші» арнасынан шығатын «Әйел сыры» бағдарламасында айтылды.

Make up жасап алған Айдын есімді жігіт көпшіліктің өзі туралы теріс пікіріне қарсы. Ол кез келген адам өзі қалағандай өмір сүруі керек деген ұстанымда. Ал студиядағы екінші қонақ болса, Айдынға бұл әрекетінің дұрыс емес екенін түсіндіруге тырысты.

«Ер азаматтарға сұлу болу міндетті емес. Жігіт маймылдан сәл әдемі болса болды. Ернін бояп жүргендер еркек емес», – дейді ол.

Ал Айдын болса, бұның еш сөкеттігі жоқ екенін айтады.


«Жігіттерге боянуға болмайды дегенді қайдан шығардыңыз?», – деп ол қарсы тараптағы азаматтың өзіне сұрақ тастайды.

«Сізге түсіндіру қиын шығар. Өйткені, шариғатта ер адамның боянғаны лағнет айтқаны. Артыңнан еріп келе жатқан інілерің бар. Ертеңгі күні балаң болады. Оларға не деп айтасың?», – деген жігітке Айдын «Әркімнің өз ойы бар» деп қысқаша жауап берді.

Loading...