«Біз телеарналар мен ғаламторда кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған визуалды бағдарламаларды енгізуді жоспарлап отырмыз. Өз еңбегімен табысқа жеткен кәсіпкерлердің тарихын, сондай-ақ әр түрлі салаларда алғаш бизнес құруға бағытталған бейнефильмдер көрсетеміз», - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, «Даму» қоры «табыс тарихы», «Арнайы репортаж» және «Бизнес аумағы» атты бағдарламалар әзірлеген. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша стартаптардың 100 үлгі жобасын қамтитын бизнес-идеялар жиынтығы кеңінен таратылмақ.
«Бұл кәсіпкерліктің беделін көтеруге, бизнесті тек тендер арқылы ғана жасауға болады деген стереотипті жеңуге, одан кейін елде бизнес дәстүрлерін дамытуға, оның мамандануын кеңейтуге мүмкіндік береді», - деді Б.Жәмішев.