Телекомментатор Нұржан Еркінұлы Қазақ хандығын балағаттаған адамға тұсау кестірді

Бұл кішкентай бөбектің ең алғашқы талпынысы, өзі жасаған тіршілігі. Осындайда дана қазақ баланың келешегіне ақ жол тілеп, «балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен «тұсаукесер» тойын жасайды.

Қазақтың белгілі комментаторы Нұржан Еркінұлы баласының тұсауын кестіру үшін дұрыс адамды таңдапты. Әріптесі Дмитрий Мостовой қазақ хандығына қатысты өткір пікірімен ел есінде қалған азамат.

«Қазақ хандығының 550 жылдығын ұрғаным бар» деп «ағынан жарылған» Дмитрий жаңадан ашылып жатқан спорттық телеарнаның тізгінін ұстады деген ақпарат тарады. Ниеттес досы, жүйрік ойлы, заманның кемеңгер комментаторы Нұржанның да жарқын дауысын жуырда сол арнадан естіп қалармыз ендеше?

«Тұсау кесер құтты болсын», деп тілейік, ағайын! «Дима көкесі» сияқты қазаққа қамқор азамат болсын!