Осы орайда ол қазір мемлекет ауылдағы байланыс саласына субсидия бөліп отырғанын, алдағы жылы да ондағы байланыс бағасы бұрынғы деңгейде қалатынын атап өтті. "Біз ауыл тұрғындары үшін байланыс құнын арттыруды көздеп отырған жоқпыз. Өйткені бұл мыңдаған адамның тағдырына байланысты",- деді үкімет басшысы. "Рынокты монополия ырқынан шығаруға бағытталған шаралар еліміздің барлық аудандары үшін бағаны арзандатуға жол ашады" ,- деді Д.Ахметов.