Телепікірсайыс өткізу мәселесі әзірге шешілген жоқ - Орталық сайлау комиссиясы

О.Жұмабековтың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы мемлекет басшысы лауазымынан үміткерлердің бәріне де телепікірсайысқа қатысу туралы ұсыныс жасаған". Оған келісімін берген жағдайда президенттіктен үміткерлер қатысатынын 10-қараша күнгі 24 сағатқа дейін хабарлауға тиіс болатын. "Үміткерлерге хат жолданды. Алайда әзірге жауап келген жоқ",- деп атап өткен комиссия төрағасы "бұл мәселе таяу күндерде шешілуі мүмкіндігін" жоққа шығармады.

О.Жұмабеков осы орайда "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңда телепікірсайыстар ұйымдастыру қарастырылмағанын атап өтті.