Тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей бесінші рет ана атанды

Бұл туралы тележүргізушінің күйеуі, ҚР ІІМ кеңесшісі әрі ресми өкіл баспасөз-хатшысы Нұрділдә Ораз instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Аллаға мың да бір шүкір! Дұға-тілектеріңізге рахмет! Саналы, инабатты, салиқалы болып өсуіне нәсіп етсін", - деп жазды Нұрділдә Ораз.

Желі оқырмандары ерлі-зайыпталарды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

"Құтты болсын бауы, берік болсын Алла тіл көзден сақтасын", "Бауы берік болсын ботақанның, ғұмырлы болсын", "Бауы берік болсын, өте қуаныштымыз", - деп оқырмандар жылы лебіздерін білдірді.