Еліміздің қоғамдық орындарында темекі шегуге тыйым салатын заң әлі де тиісті деңгейде орындалмай келеді. Заңның күшіне енгеніне бір жылдан асса да, тұрғындар жаман әдеттен түгел бой арылтқан жоқ. «Қайта керісінше, алғашқы кездері заң талаптары орындалғандай болса, қазір жағдай мүлдем ұшыққан» - дейді темекі түтінімен күресушілер. Олар тәртіп сақшыларының жұмысына қанағаттанбай отыр. Ал полиция қызметкерлері тұрғындар тарапынан жауапкершілік жоқ дейді.