Темір Сариев Қырғызстанның Премьер-Министрі болып сайланды


Сариевтің кандидатурасы үшін елдің 120 орындық парламентінің 118 депутаты дауыс берді, деп жазады РИА Новости.

2010 жылдан бері парламенттік республика аталған Қырғыз Республикасы Конституциясына сәйкес, ел Премьер-Министрінің кандидатурасын республиканың Жогорку Кенешіндегі көпшілік коалициясының (бір палаталы парламент) қарауына шығарады. Премьер-Министр коалициямен келісіп, министрлер кабинетінің құрылымы мен құрамын ұсынады.