Темір жол көліктерінің қызметтеріне қолжетімділікті реттеуге қатысты құжат Сенатта қаралады

Мәжіліс барысында аталмыш құжатқа байланысты баяндама жасаған Көлік және коммуникация вице-министрі Еркін Дүйсенбаевтың айтуынша, 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап, экспорттық, импорттық және мемлекеттің ішіндегі темір жол көліктерінде бірыңғай тариф болады. Бұл үдеріс жүк тасымалдаушыларға шектен тыс салмақ салмау мақсатында сатылап жүзеге асырылады. «Бұл келісім біздің қазақстандық жүк тасымалдаушыларға Ресей мен Беларусь елдерінің темір жолдарына қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Бұрындары аталмыш елдердің көліктері экспорттық, импорттық және ішкі болып бөлінетін және олардың бағалары да әртүрлі болатын. Бүгінгі біздің талқылауымызға ұсынылып отырға құжат күшіне енсе, аталған бағалардың барлығы бірыңғай болады. Яғни темір жол қызметі Кедендік одаққа мүше елдердің барлығының өкілдеріне бірдей болады»,-деді вице-министр.

Құжатты талқылау барысында депутаттардың барлығы бірауыздан қолдап Парламент Сенатының жалпы отырысында қарау қажет деп шешті.