Бұл туралы бүгін қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақша ұрлығына күдікті ретінде банктің 37 жастағы қауіпсіздік қызметінің қызметкері мен 32 жастағы орындаушы ұсталды.
Екеуі де Жамбыл облысы Шу ауданының тумалары.
«Негізгі күдіктіні Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласынан ұстадық. Ұрланған ақшаның жартысын ол өз қажетіне жұмсап үлгерген. Қалған ақша тәркіленіп, қылмыстық іс материалына тіркелді. Екеуінен қазір жауап алынуда», - деп ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин мәлімдеді.
22 қазан күндізгі уақытта маска киген белгісіз біреу Алматыда Абай даңғылындағы «Темірбанк» филиалының астыңғы қабатындағы кассаның терезесі арқылы ішке кіріп 37,2 млн теңгені ұрлап кеткен.