Ұрылар терезені кесіп, тура ақша қоймасына түскен. Қаржыны алып, үн-түнсіз кері сол терезе арқылы із суытқан. Жер сипап қалған банк қазір бақылау камерасын ақтарып әлек. Әзірге белгілісі, таспаға ұрылардың біреуі ғана түсіпті. Үстінде банк қызметкерінің киімі болған көрінеді.
Ермек Болтаев, Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Қолтаңбасы бар, аяқ іздері бар. Оның бәрін қазір ішкі істер департаменті қызметкерлері алды. Сол бойынша жұмыс жүргізіледі.