Теміртау әкімі жөнделген жолдағы асфальттың бір бөлігін "жұлып алды"

Бұл туралы Tengrinews.kz әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

 Бүгін, 25 мамырда қала әкімі қаланың шығыс бөлігінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көріп қайтты. Теміртау әкімі асфальттың қалай төселіп жатқанын өз көзімен көріп, көңілі толмайтынын айтты. Әкімнің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол мердігерлерден қайтадан жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап етті. "Бұл компания өкілдері атқарған жұмыстары бойынша үнемі ескерту естіп жүреді. Әкім оларды өзі тексереді. Бірақ бүгін Ғалым Әшімов қатты ашуланды. Ол жөндеу жұмыстарының шала жүргізіліп жатқанына ашуланды. Жұмысты толықтай қайтадан орындап шығуды талап етті", - деп хабарлады Теміртау әкімінің баспасөз қызметіндегілер.


Оқи отырыңыз:

Министр: Мен аты аңызға айналған Головкинге рахмет айтқым келеді
Димаштың орындауындағы әнді шырқаған Меруерт Түсіпбаева жұртты тамсандырды

Қарағанды облысында адамды өртеген күдікті ұсталды