Теміртау прокуратурасы 72 заңсыз еңбек мигранттарын анықтады

"Бұл адамдар "Централ Азия Цемент" АҚ мердігері болып табылатын "Оргпроектцемент" ЖШС еңбек қатынасына тұрған",- түсіндіріп өтті Ж. Накишев.

"Заң талаптарына қарамастан, 72 адам өздерінің уақытша тұратын жерлері бойынша дер кезінде тіркелмеген. Сонымен қатар, олардың келу мақсаттары көші-қон карталарында жеке мақсат ретінде рәсімделген",- деп атап өтті прокурор.

Шетелдіктер тіркелу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, олардың үстінен елге келу мақсаттарының көші-қон карталарында көрсетілген мақсатқа сай еместігі үшін қозғалған әкімшілік іс сот қарауына жіберілді.

Ж. Накишевтің мәліметтеріне сүйенсек, "дәл осы кәсіпорында, сондай-ақ "Карцемент" АҚ жыл басынан бері компания басшылығының шақыруына сәйкес, кеңесші ретінде келген Ұлыбритания азаматы заңсыз еңбек етіп келген".

Сот оны республика аумағынан аластату туралы шешім шығарды.

"Шетелдік жұмыс күшін тиісті рұқсатынсыз жұмысқа тартқаны үшін "Централ Азия Цемент" АҚ мен "Карцемент" АҚ басшылары әкімшілік жауапқа тартылды",- деп хабарлады Ж. Накишев.