Теміртау прокуратурасы Қарағанды облысының Ақтау кентінде ірі қара малдың қырылу дерегіне байланысты тексеру жүргізе бастады

Тексеруге төтенше жағдайлар басқармасы, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасының, Нұра-Сарысу экологиялық департаментінің мамандары тартылған.

"Химиялық және радиоактивтік заттардың бар-жоқтығын тексеру үшін ауа, топырақ және су сынамалары сараптамаға алынды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағаныимыздай, Қарағанды облысының Теміртау қаласы Ақтау кентінде 10 тамызда жеке қораларда мал қырыла бастаған (7 ірі қара, 41 ұсақ мал, соның ішінде 8 қой мен 33 ешкі).