Теміртау қаласында екі бала терезеден құлап кетті

«23 сәуірде Теміртау қаласының Шевченко көшесіндегі бір қабатты жеке тұрғын үйде ата-анасының қарауынсыз қалған бала баспалдаққа көтеріліп, абайсызда үйдің сыртқы баспалдағынан құлап кеткен. Баспалдақтың биіктігі 3 метр. 2020 жылы туған қыз ауруханаға жатқызылды», деп көрсетті ТЖД.

Қарағанды қаласында да осындай оқиға орын алды. 2013 жылы туған бала 3-қабаттың терезесінен құлаған. Ол да ауруханада жатыр.