«Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдары арқылы расталып, айғақтармен дәлелденді. Ол Қылмыстық кодекстің 311-бабында қаралған қылмысты жасағанын мойындады.
Айыпталушы жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді», - деді үкіммен таныстырған судья Шерван Аюбекова.
Көші-қон полициясы бөлімінің бастығы жұмыс кабинетінде 16 мың теңге пара алу үстінде құрықталды. Параны оған миграциялық карточкасының уақыты өтіп кеткен жерлесіне көмектесу үшін Тәжікстан азаматы беріпті.
Делдал рөлін атқарған азамат та қамауға алынды. Оның үстінен «пара беруге жәрдемдесті» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.