Теміртау тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Тергеу және сот оның жергілікті тұрғындар арасында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде радикалдық діни идеологияны таратқанын анықтады.

Қылмыстық іс материалдарымен оның кінәсі толық дәлелденді. Ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Фигурантта ауыр қылмыс жасағаны үшін соттылығы болған.