Теміртауда 17 жастағы оқушы өз-өзіне қол жұмсады

«3 желтоқсан күні кешке Теміртау қаласында 17 жастағы мектеп оқушысы дәретханада асылып қалды. Оның денесін анасы тауып алды», - деп жазылған хабарламада.

Суицид фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Баланың өзіне-өзі қол жұмсауына не себеп болғаны анықталуда.