Баспасөз қызметінің хабарлауынша, алаяқтардың қитұрқы амалдары өте қарапайым болған: "өздерінің зейнетақы жинақтарын жылдам алмақ болған "Миттал Стил Темиртау" АҚ қызметкері үш жігіттен тұратын топқа жүгінген. Олар аңқау клиенттеріне зейнетақы жинағын алу үшін олардың атына "АльянсБанк" АҚ несие рәсімдеу керек екендігін, "оны кейінірек зейнетақы жинағының есебінен жабатындықтарын айтады". Алаяқтар осы көрсеткен қызметтері үшін несиенің 50 пайызын алып отырған.
"Өз еріктерімен алданған клиенттер қажетті құжаттардың барлығын әкеліп, банктің несие беру туралы келісімдерін қол қойып, алған ақшаның 50 пайызын алып қайтқан",- деді баспасөз қызметіндегілер.
Сөйтіп, алаяқтардың алдауына "Миттал Стил Темиртау" АҚ-ның 25 қызметкері түскен.
Тергеу органдары екі алаяқты ұстап, олар қаладан шықпау туралы қолхатпен босатылған. Ал үшінші алаяққа іздеу жарияланды.
Облыстың экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек,, аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 177-бабының 2-тармағының "а", "в" тармақшалары бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті