Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау" цехында өрт шықты

ТЖМ мәліметтері бойынша, "Арселор Миттал Темиртау" АҚ кокс химиясы өндірісінің көмір дайындау цехында тасымалдау галереясының У-7, У-8 конвейрлері отқа оранып (300 шаршы метр жерде тасымалдау ленталары мен электр сымдарының оралымдары өртенді ), соның салдарынан тасымал галереясы құлады.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Жұмыс орныққан тәртіп бойынша жүргізілді. Тілсіз жау "Өрт сөндіруші" бөлімшесі және ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен ауыздықталды. Бұған жеке құрамдағы 50 адам және 10 бірлік техника жұмылдырылды.