Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау"АҚ кәсіпорнында 12 тамызда сағат 11.35-те Ақмола облысының Макинка станциясынан келген, "Диас Интер"ЖШС жіберген №85371312 вагонда радиациялық бақылау жүргізген кезде шектеулі сәуле деңгейінен 750 мкр/сағ арту оқиғасы тіркелді.
Вагон "Арселор Миттал Теміртау"АҚ -ның копр цехының тұйықталымында тұр. Вагондарда тиелген металл бүгін түсіріледі.