Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау"АҚ кәсіпорнында 12 тамызда сағат 11.35-те Ақмола облысының Макинка станциясынан келген, "Диас Интер"ЖШС жіберген №85371312 вагонда радиациялық бақылау жүргізген кезде шектеулі сәуле деңгейінен 750 мкр/сағ арту оқиғасы тіркелді.
Вагон "Арселор Миттал Теміртау"АҚ -ның копр цехының тұйықталымында тұр.
ТЖМ мәліметінше, "13 тамыздағы сағат 18.00-дегі жағдаймен вагоннан металлды түсіру барысында радиациялық фон көзі анықталды (диаметрі 50 мм, ұзындығы 500 мм металл құбыр сынығы), оның көрсеткіші 700 мкр/сағ болды. Радиоактивтік ластау көзі тәркіленіп, жарату үшін уақытша сақтауға қойылды. Қалған металл сынықтары өңдеуге жіберілді".