Қалалық прокуратураның хабарлауынша, дүйсенбіге қараған түні белгісіз біреулер жеке меншік автотұраққа кіріп, күзетшіні соққыға жыққан. Содан соң бокста тұрған «Тойота Лэнд Крузер-200» көлігіне өрт қойыпты.
Көлік жергілікті кәсіпкерге тиесілі болатын.
«Қазір сараптама жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі бойынша қылмыстық іс қозғалады. Күзетші қаскөйлердің джипті қасақана өртегенін тайға таңба басқандай етіп айтып берген. Соған қарамастан сараптама нәтижесін күту қажет», - дейді прокурорлар.